Нұр-Сұлтанда көліктерді қиратқан ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда көліктерді қиратқан ер адам ұсталды

Елордадағы үйлердің бірінде ер адам подъезд есігі мен бірнеше көліктің терезесін қиратқан. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі тұрғынның мас болғанын хабарлады. Оқиға туралы хабарлама полицияға 18 қыркүйек сағат 00.18-де түскен.

"Ер адам әріптестерімен отырып ішімдік ішкеннен кейін подъезге шыққан. Ол кіреберісте тұрған самокатты алып, есік-терезені қирата бастайды. Одан кейін далаға шығып, үйдің алдында тұрған көліктердің әйнегін самокатпен сындырды", - деп хабарлады полиция.
Белгілі болғандай, жалдамалы пәтердегі отырыста жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан. Тәртіп бұзғандардың барлығы полицияға жеткізілді.