Азаматтық экипажы бар SpaceX кемесі Жерге оралды

Азаматтық экипажы бар SpaceX кемесі Жерге оралды

Тарихта алғаш рет азаматтық коммерциялық экипажбен ұшқан америкалық SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі үш күнде оралды. Оқиға тікелей эфирі Twitter-дегі Inspiration4 миссиясының парақшасында жүргізілді.   16 қыркүйекте SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран тасығышы Флорида штатындағы Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылды, ол Crew Dragon кемесін орбитаға шығарды, ал экипаж мүшелері тек бейбіт тұрғындардан тұрды. Олар – жоба демеушісі кәсіпкер Джаред Исаакман, зерттеуші Сиана Проктор, дәрігер Хейли Арсенокс және АҚШ ВВС ардагері Кристофер Семброски. Inspiration 4 деп аталатын миссия қайырымдылық сипатта болған.