Қазақстанда жыл басынан бері ерлер аяқкиімі 6,5%-ға, әйелдер аяқкиімі 5,2%-ға қымбаттады. Балалар аяқкиімінің бағасы ең жоғары – 8,5 пайызға өсті.
Еnergyprom.kz сарапшылары биыл қаңтар-тамыз аралығында аяқкиім бағасы былтырғымен салыстырғанда 6,3 %-ға өскенін жазды. Бұл ретте бағаның өсу қарқыны біршама баяулады: 2020 жылы – 7,2%-ға, 2019 жылы – 8,8%-ға, ал 2018 жылы бірден 10,7 %-ға қымбаттаған. Биыл наурызда өткізілген халықтың өмір сүру сапасы туралы сауалнамада қатысқан қазақстандықтардың 15,3%-ы қысқы және жазғы аяқкиімді сатып ала алмайтынын айтқан, былтыр бұл көрсеткіш 15,5% болған. Еnergyprom.kz сауалнамасына қатысқандардың 77,8%-ы (былтыр - 77,5%) аяқкиім сатып ала алатынын айтқан. Тозған аяқкиім мен киімін жаңаға ауыстыруға шамасы жоқ азаматтардың үлесі 4,7%-ден 5%-ға дейін өскен.