Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала уланып қалды

Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала уланып қалды

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олар бассейндегі сабақ кезінде хлор буына уланып қалған. Балалардың жасы 12-14-те. Барлығының жағдайы тұрақты, мамандандырылған бөлімге жатқызылды, – делінген хабарламада.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Алмалы ауданының санитария дәрігерлері бұл деректі тексеріп жатқанын айтты.