Алматыдағы бассейнде уланып қалған балалардың жағдайы белгілі болды

Алматыдағы бассейнде уланып қалған балалардың жағдайы белгілі болды

Алматыдағы балалардың жедел медициналық жәрдем орталығы бассейнде уланып қалған балалардың жағдайы туралы хабарлады. Аурухана бас дәрігері орынбасарының айтуынша, балалардың жағдайы жақсы.

Таңғы сағат 10.30-да жедел жәрдем бригадасымен 11 бала жеткізілді. Оларды дәрігерлер қарап шығып, хлордан уланған деген диагноз қойды. Осыдан кейін детоксикация терапиясы басталды. Қазіргі уақытта балалар өздерін жақсы сезінеді, жағдайлары орташа, – деді бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Алуа Жексенова.
Бас дәрігер орынбасарының айтуынша, балалар токсикология бөлімінде жатыр. Олар бір-екі күн ішінде үйге шығарылуы мүмкін.

Бұған дейін Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала уланып қалғанын хабарлаған болатынбыз.