Пәтер аламын деп 900 мың теңгесінен айырылды

Пәтер аламын деп 900 мың теңгесінен айырылды

Қала тұрғыны пәтер аламын деп 900 мың теңгесінен айырылды, – деп жазады Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына 102 нөмірі арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол «мемлекет тарапынан берілетін пәтер алып беремін» деп сеніміне кірген танысының үстінен арызданған.

Алайда аталған пәтерді алу мақсатында кепіл ретінде 900 мың теңге салып, алаяқтық жолмен алданып қалғанын жазып көрсеткен. Абай ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел іздестіру нәтижесінде, Шымкент қаласының тұрғынын анықтады.

Оның басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.