Алматыда мотоциклдердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

Алматыда мотоциклдердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

Алматы қаласында кешкі сағат оннан таңғы тоғызға дейінгі аралықта мотоциклдердің жүруіне тыйым салу жоспарланып отыр. Қала әкімдігі Алматыда жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы қаулы жобасын әзірледі.

"Алматы қаласының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағы құрылсын. Жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағында сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын", – делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.