Қазақстандық спортшы Африка чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Африка чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогіне қатысып, елге жеңіспен оралды, – деп хабарлайды Olympic.kz.  Зимбабвенің Ньянга қаласында өткен кубоктік бәсекеде Аян Elite санатында жеңімпаз атанды. Ол спринтерлік қашықтықты 1:01:18 уақыт көрсеткішінде аяқтаған. Күміс және қола медальді Марокко елінің өкілдері Жавад Абделмолла мен Бадр Сиване еншіледі. Әйелдер арасында Оңтүстік Африка Республикасының намысын қорғаған Ханна Ньюман жеңіске жеткен.