«Кепілдікке қойылған көлікті арзанға сатамын» – Алматыда алаяқ ұсталды

«Кепілдікке қойылған көлікті арзанға сатамын» – Алматыда алаяқ ұсталды

Алматы полициясы бір жылға жуық іздеуде болған алаяқты ұстады, – деп жазады Polisia.kz.

Алматы облысы Талғар қаласында іздестіру нәтижесінде 33 жастағы Б.есімді ер адам ұсталды. Ол 2019 жылы елді алдап, қаржы жинаған.   [caption id="attachment_163707" align="aligncenter" > Фото: polisia.kz[/caption]

«Б.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу үш қылмыстық эпизодты дәлелдеді. Жалпы шығын көлемі 12 миллион теңгеден асады. Ол адамдардың сеніміне кіріп, кепілдікке қойылған көліктерді нарықтағы бағадан төмен бағаға сатып алуды ұсынған. Жәбірленушілерге интернеттен алынған көліктердің суретін көрсеткен. Жәбірленушілер көлікті «сатып алу» үшін 100% төлем төлеген», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сондықтан полиция осы адамның алаяқтық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуын сұрайды: 8-708-707-9202; 8-775-106-1884; 8-775-774-4441.