Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Бішкектегі үйін қайтарымсыз негізде Мемлекеттік ипотекалық компанияның балансына тапсырды.
Бұл үйде Садыр Жапаровтың өзі тұрған. [caption id="attachment_163895" align="aligncenter" > Фото: sputnik.kz[/caption] Президент бұл үйді 2005 жылы сатып алған. 2010 жылдары басқа жерге көшіп кеткен. Сол уақыттан бастап бүгінге дейін үй мектепке дейінгі балалар мекемесі ретінде жұмыс істеген.Сондай-ақ Қырғыз елінде жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бюджет саласының қызметкерлері дайын үйді жылдық мөлшерлемесі 4%-пен кредитке үй ала алады.Садыр Жапаровтың айтуынша, «Менің үйім 2021-2026» жаңа мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы мұқтаж жандардың баспаналы болуына септігін тигізеді.
Садыр Жапаров Қазақ еліне сапары кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Мен – қазақпын…» деп өлең оқып берген болатын.