Алматыда бетон араластырғыш көлік аударылып қалды

Алматыда бетон араластырғыш көлік аударылып қалды

Алматыда Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің бұрылысында бетон тасымалдайтын көлік аударылып қалды. Жүргізушінің айтуынша, белгісіз себепке байланысты ол бұрылыста көлікті басқара алмай, көлік құралы бір шетіне қарай қисайып кеткен. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол апаты бүгін түскі сағат 13:30-дар шамасында болды.

«Mercedes Benz ACTRO S3236» жүк көлігінің жүргізушісі әл-Фараби – Жароков көшелерінің қиылысында рульге ие бола алмай қалып, аударылған. Апат салдарынан көлікке зақым келді. Зардап шеккендер жоқ», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Полиция өкілінің айтуынша, тергеуді Бостандық аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.