5 қазанға арналған ауа райы болжамы  

5 қазанға арналған ауа райы болжамы  

Циклон әсерінен солтүстікте, орталықта және шығыста жаңбыр, қар жауады. Жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 20 м/с-ке күшейеді. Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Түркістан облысында түнде және таңертең, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-тен 23 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда облысында түнде солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с-тен 23 м/с-ке дейін күшейеді. Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с-ке күшеюі күтіледі. Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Қостанай облысының солтүстігінде тұман, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында түнде көктайғақ, күндіз шығысында жел екпіні 15-20 м/с болады. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында желдің 15-20 м/с-ке күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында тұман күтіледі, күндіз батысында жел 15-20 м/с-ке күшейеді.