ІІМ ҚАЖ комитетінің мәліметінше, Президент Әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен аумақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттердің бастығы тағайындалды:
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы болып осыған дейін аталған департамент бастығының орынбасары қызметін атқарған әділет полковнигі Рахымбеков Дәулет Боранбекұлы тағайындалды.
- Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы лауазымына әділет полковнигі Жәнібеков Теңізжан Нұрмаханұлы тағайындалды.
- Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы осыған дейін ҚАЖ комитетінің Жедел басқармасының бастығы қызметін атқарған әділет полковнигі Игілік Шәріпұлы Хасенов болды.
- Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы болып әділет полковнигі Нияз Қанатұлы Рыспаев тағайындалды.
Жаңадан тағайындалған басшыларының бұрын ҚАЖ комитетінің орталық аппаратында және оның аумақтық бөліністерінде басшылық қызметтерде жұмыс істегенін, пенитенциарлық жүйеде көп жылдық тәжірибесі бар.