Алматы қаласы Алмалы аудандық соты маусымда жарияланған үкімді, тамызда қалалық соттың апелляциялық комиссиясы бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Үшеуі 2020 жылдың 15 қазанында банк тонаған. Ресми мәлімет бойынша, ұрылар банкке 2 394 830 теңге материалдық залал келтірген. Сот Әбілкәрімов пен Степановты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы («Қарақшылық») бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Нартай Өмірзақов та Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Бірақ оған 190-бап («Алаяқтық») бойынша да айып тағылды. Себебі, ол 2019 жылы риелтор болып жұмыс істеп, 7 рет пәтер сатып алмақ болған адамдардың қаражатын жымқырған. Шығын көлемі – 60 миллион теңгеден астам. Сот Өмірзақовты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Өмірзақов келтірілген материалдық шығынды қайтаруға міндетті. Сот үкімі заңды күшіне енді.Бұған дейін «Кредитіңді жауып беремін» деп тұрғынды алдаған банк қызметкері туралы жазған болатынбыз.