Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстанда мемлекетке 10 млрд теңге шығын келтірген бір топ адам ұсталды.
Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды заңсыз жазып берумен айналысатын қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тексеруді аяқтады. Нәтижесінде, 6 адамнан тұратын топ 2014-2018 жылдары облыс аумағында заңсыз қызмет атқарған 30 қолма-қол ақша аударатын фирма құрғаны анықталды. Фирма іс жүзінде жұмыс істемеген. Басшылардың ешқайсысы қаржы-шаруашылық қызметпен айналыспаған. Фирмаларда бухгалтерлік есеп және салық есебі жүргізілмеген. https://youtu.be/d2x5fXSV9YoМемлекетке келген залалдың жалпы сомасы – 10,8 миллиард теңге. Сот үкімімен топ мүшелері Закир Исламов, Максим Александров, Олеся Гаськова, Ербол Уәлиев, Еркен Ануаров, Арман Маданов бас бостандығынан айырылды.Іс жүзінде кәсіпорындар салық төлеуден жалтару мақсатында «Рич Ресурс», «Тұмар ВКО», «Вос-Торг 1» компанияларымен тауарсыз шот-фактураларын, жүк құжаттарын, шарттарын заңсыз жазып беру үшін пайдаланған.
Бұған дейін Атырауда қылмыстық топ құрықталғанын жазған болатынбыз.