Қазақстан пойыздарында әйелдер вагоны пайда болды

Қазақстан пойыздарында әйелдер вагоны пайда болды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы жолаушылар тасымалдайтын пойыздарда әйелдерге арналған вагондарға билет сата бастады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 10 қазанынан Алматы-Өскемен және Алматы-Маңғыстау бағытында жүретін әйелдерге арналған вагон билеттерін сату бойынша жобаны жүзеге асырды. BILET. RAILWAYS.KZ сайтында немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларында билет алғанда "ЖН" литерінің болуы вагон тек әйелдерге арналғанын білдіреді.

«Әйел жолаушылар тарапынан осы қызметке сұраныс болған жағдайда компания Қазақстан ішіндегі маршруттардың ауқымын кеңейтуге және өз клиенттері тарапынан ұсыныстарға дайын»,-делінген Ұлттық компания мәліметінде.