Жолдан жүгіріп өтпек болған жас жігіт қаза тапты

Жолдан жүгіріп өтпек болған жас жігіт қаза тапты

Жолдан өтпек болған жолаушыны көлік қағып кетті.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты кеше кешкі сағат 21:40-та әл-Фараби даңғылында болды.

Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов: «Peugeut – 308» көлігі әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта кетіп бара жатып, Мендіқұлов көшесінің қиылысында жаяу жүргінші қағып кетті. Жолаушы жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Жол апатынан 1995 жылы туған ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше қайтыс болды», – деді.

Тергеу басталды.