Цой қазақстандықтарды қайта вакцинациялау қашан және қалай жүргізілетінін айтты

Цой қазақстандықтарды қайта вакцинациялау қашан және қалай жүргізілетінін айтты

Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссия азаматтарды коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинациялау тәсілдерін әзірледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook-парақшасында жазды. Бұл мәселе коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды. Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін қосымша дозаны енгізу ұсынылады, бұл ретте:

  • векторлық (Спутник) вакциналармен екпе алған адамдарға 9 айдан кейін инактивацияланған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) ревакцинация;
  • белсенділігі жойылған вакциналармен (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакцинация алған азаматтарға векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) 6 айдан кейін ревакцинация;
  • М-РНК вакцинасымен (Pfizer) вакцинация алған адамдарға 6 айдан кейін белсенділігі жойылған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинамен ревакцинация;
  • вакцинация курсынан өткен коронавируспен ауырған адамдар сауыққаннан кейін 3 айдан соң қайта егіледі.
Осылайша, ревакцинацияның басталуы 2021 жылғы қарашаның III онкүндігінен басталады. Ревакцинацияға арналған контингент: тәуекел топтары (медициналық қызметкерлер, педагогтер, жабық мекемелердің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері); 60 жастан асқан адамдар; өздігінен зерттеуден өткен және коронавирусқа қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар адамдар. Ревакцинация үшін вакцинаның 1 дозасы пайдаланылады.