Министрліктің мәліметінше, жәбірленуші соттан бұдан бұрын шыққан төрелік шешімнің күшін жоюды талап етті.
Төрелік шешімге сәйкес, Ташяпы Қазақстанның пайдасына 6,7 миллиард теңге төлеуі қажет.Осы іс бойынша мемлекеттің мүдделерін қорғауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырды.«Қазақстан Республикасы Париж сотына Ташяпының талап-арызы негізсіз екенін дәлелдеді. Сонымен қатар, сот Ташяпыны Қазақстанның 30 000 еуро көлемінде кеткен сот шығындарын өтеуге міндеттеді. Автомобиль жолдары комитетінің Ташяпы арасындағы «Ақтөбе - Мақат» жолына құрылыс жүргізу туралы келісімшарттық қатынастар – аталмыш төрелік даудың мәні болды. Талап-арыз сомасы 6,5 млн АҚШ долларын құраған. 2019 жылдың 3 желтоқсанында Сингапурдегі Халықаралық төрелік орталығының төрелік соты Ташяпының талап-арыздарын қабылдамай, Қазақстанның қарсы талаптарын қанағаттандырған еді. Төрелік соттың орны да Париж қаласы болған» делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Қазақстан жыл сайын шетелдік адвокаттарға 13 миллиард теңге жұмсайтынын жазған болатынбыз.