Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 16 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстікте, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман болады. Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады. Сондай-ақ 16-17 қазанда Алматы облысында Алакөл көлдерінің аумағында 23-28 м/с екпінмен жел соғады, күші 30 м/с және одан жоғары көтеріледі. Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.