Мобильді қосымша арқылы 1 900 000 теңге несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Мобильді қосымша арқылы 1 900 000 теңге несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Рolisia.kz-тің жазуынша, бөтеннің атынан несиені мобильді қосымша арқылы рәсімдегені анықталды.

15 қазанда әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Ол белгісіз біреу мобильді қосымшасын пайдаланып, оның рұқсатынсыз 1 900 000 теңге онлайн несие рәсімдегеніне арызданған.

Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, күдікті ұсталды. Жергілікті 27 жастағы тұрғынға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.