Ішінде миллион теңгесі бар сөмкені автобуста қалдырып кеткен

Ішінде миллион теңгесі бар сөмкені автобуста қалдырып кеткен

Қостанай тұрғыны ішінде миллион теңгесі бар сөмкені автобуста қалдырып кеткен.

Полиция департаментінің мәліметінше, Алтын дала ауылының тұрғыны облыс орталығында автобуста ішінде миллион теңгесі бар сөмкесін тастап кеткен.

Полицей Бағдат Ахметов пен Медет Қойшығұлов 16 қазан күні сол ауданда жұмыста болған. Қайырбеков-Қорған қиылысында КамАЗ жүргізушісі Кенжебек Кәдиев полицейлерден көмек сұраған. Оның әйелі ішінде ақша бар сөмкені автобуста қалдырып кеткен.

Сөмкенің жоқ екенін әйел тек үйіне қайтар жолда ғана байқаған. Ол полицейлерге маршрут нөмірін айтты. Бірнеше минуттың ішінде полицейлер автобус жүргізушісін анықтап, соңғы аялдамаға дейін жеткен.  

Жүргізуші сөмкені ер адамға табыстады.