Елімізде нан қымбаттап жатыр

Елімізде нан қымбаттап жатыр

Елімізде жылдан жылға нан өнімі азайса да, оның қымбаттауы тоқтар емес. Тіпті, үй шаруашылығында нан пісірілмей кеткен. Бұл жайында energyprom.kz. хабарлады.

Былтырмен салыстырғанда биыл қаңтар-тамыз аралығында жаңа піскен нанның өндірісі 17,9%-ға азайған. Бұл дегеніміз – 352,9 мың тонна. Әрине, өткен жылы да нан өндірісі түсіп кеткен. Алайда 2021 жылмен салыстырғанда ол кезде  9 пайызға азайыпты.

Жалпы, нан өндірісі қатарынан төрт жыл түсіп келеді. Мысалы, 2020 жылы жыл бойына 539 тонна нан өндірілген. 2019 жылмен салыстырғанда, 4,2 пайызға аз екенін көрсетті. Соған қарамастан нан бағасының өсуі тоқтамады. Өйткені биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында нан бағасы 6,1 пайызға өскен. Мәселен, қара бидай нанының бағасы – 9,9%-ға, ал жоғары сорттың наны – 7,8%-ға, бірінші сорттың ұнынан пісірілген нан – 5,1%-ға өскен. Ал 2019 жылдың сол аралығында нан бағасының өсімі байқалғанымен, бар-жоғы 11,6 пайызға өсіпті.

Негізі еліміздің барлық аймағында нан қымбаттады. Әсіресе, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында нан бағасы 12 пайызға өссе, Солтүстік Қазақстан облысы 9,6 пайыз және Ақмола облысы 9,5 пайызға көтерілген. Атап айтар болсақ, ыстық нанды ең көп шығаратын елді мекен – Түркістан облысы. Ыстық нанның төрттен бір бөлігінен астамы, яғни 89 мың тонна оңтүстікке тиесілі. Нан өндіруден одан кейінгі орында – Алматы (41,1 мың тонна) мен Ақтөбе облысы (34 мың тонна).