Ақтөбе-Атырау пойызының жолсерігін соққыға жықты, – деп жазады sputnik.kz.
Атырау стансасындағы полиция бөлімшесіне 51 жастағы жолсеріктен шағым түскен.Полиция 24 жастағы Атырау тұрғынын ұстады. Қылмыстық кодекстің 1-бабы 293-бөлімі бойынша іс қозғалды.«Ер адам жұмыс кезінде соққыға жығылғанын айтты. Мұқыр стансасында белгісіз адам оған дауыс көтеріп, ескертуден кейін жұдырық жұмсаған» делінген хабарламада.
Бұған дейін тек қана әйелдерге арналған вагон сынақ ретінде жолға шыққанын жазған болатынбыз.