Нұр-Сұлтанда екі жігіт көпірден секірген қызды құтқарып қалды

Нұр-Сұлтанда екі жігіт көпірден секірген қызды құтқарып қалды

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көпірден суға секіріп кеткен 15 жастағы қызды 2 жігіт құтқарып қалған.

«24 қазан күні сағат 14-33-те Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару отрядының құтқарушылары «Атырау» көпірінен жасөспірім қыз баланың суға секіріп кеткендігі туралы хабарлама алып, оқиға орнына аттанды. Сол жерден өтіп бара жатқан екі адам баланың суға секіріп кеткенін көріп, іле-шала суға сүңгіген. Құтқарушылар жеткен кезде екі адам ес-түзсіз жасөспірімді жағаға жеткізуге тырысып жатты. Құтқарушылар баланы қайыққа салып алып, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін шұғыл жедел құтқару отрядының орталығына аттанды. Бақытына орай, 2006 жылы дүниеге келген қыз құтқарылды. Оқиға орнына Полиция департаменті мен жасөспірімнің ата-анасы шақырылды», - делінген ведомство баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.