Халықтың қолында бар қаруды сатып алуға биыл қанша қаржы бөлінген?

Халықтың қолында бар қаруды сатып алуға биыл қанша қаржы бөлінген?

Министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың мәлімдеуінше, биыл 20 сәуірде басталған дәстүрлі «Қару» акциясы аяқталды.

«Акция аясында азаматтар қару-жарақты ақылы түрде тапсырады. Республикалық бюджеттен биыл 95 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Қару-жарақты өз еркімен тапсырғандарға әр қару үшін 10-100 айлық есептік көрсеткіш аралығында төлем қарастырылған», – деді Нұрділдә Ораз.

Акция аясында полицияға мыңнан астам тұрғын өз еркімен 1 400 қару-жарақ тапсырды.