Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, өзбек көшбасшысының сайлаудағы сенімді жеңісі оның стратегиялық бағдарының жалпы халықтық қолдауға ие болғанын тағы бір мәрте дәлелдеді деп атап өтті.