Бұл туралы Халықаралық волейбол федерациясына (FIVB) хабарлады.
Волейболдан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Маджабин Хакими жаңа биліктің әйелдер спортына қатысты пікірімен келіспегені үшін көпшілік көзінше азаптап өлтірілген.Осыған қайғылы оқиғаға байланысты Халықаралық волейбол федерациясы Ауғанстандағы волейболшылардың тағдырына алаңдаушылық танытуда.Persian Independent басылымына берген сұхбатында Хакимидің бапкері спортшыны қазан айының басында өлтіргенін айтты. Билік өкілдері Хакимидің отбасына бұл туралы ешкімге тіс жармауын ескертіп қоқан-лоққы көрсеткен.
Ал Италияда келесі турдан бастап барлық волейбол ойындары бір минуттық үнсіздікпен басталмақ.