Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, «қызыл» аймақта Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы және Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 932 мыңнан асты.