«Көлік сататын менеджермін...» – Қызылорда тұрғыны 27 миллион теңгесінен айырылды

«Көлік сататын менеджермін...» – Қызылорда тұрғыны 27 миллион теңгесінен айырылды

Екі күн бұрын Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол тамыз айында Toyota көлігін сататын орталықта «менеджер болып жұмыс істеймін» деген алаяққа алданғанын айтқан.

Алаяқ «сатып беремін» деп Tоyota Higlander және Tоyota Camry 70 көлігін иемденген. Жәбірленушіні алдап, көліктерді сатып жіберген. 27 миллион 600 мың теңгені алған.

Полицейлер осы фактіге қатысты 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктінің алаяқтықпен айналысқаны дәлелденді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін жер аламын деп алаяққа жем болған тұрғын туралы жазған болатынбыз.