Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 9 айдағы қорытындысы баяндалды. Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, облыстағы өңдеу өнеркәсібінде, құрылыс, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес пен өзге де салаларда өсім байқалады. Аймақ жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, инвестиция және құрылыс жұмыстарының көлемі жағынан республика бойынша бірінші орынға шыққан.