Қазақстан Президенті Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Еуразиялық даму банкінің атқарған жұмыстарының нәтижелері мен орта мерзімдегі жоспарлары туралы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған макроэкономикалық болжамдары жөнінде мәлімет берілді. Банк сарапшылары Қазақстандағы экономикалық өсімнің оң қарқыны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен салыстырғанда ең жоғары деңгейде болады деп болжап отыр.