Полиция қызметкерінен ақша бопсалаған екі жігіт ұсталды

Полиция қызметкерінен ақша бопсалаған екі жігіт ұсталды

Полицейден ақша бопсалаған Қарағандының екі тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қарағанды ​​облысы ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасына полиция қызметкерінен хабарлама түсті. Ол қызметтік көлікте жол ережесін бұзғаны туралы видеоны әлеуметтік желіде таратамыз деп қорқытқан екі адам өзінен 150 мың теңге бопсалап жатқанын айтты. Аталған факт ҚР қылмыстық кодексінің 194-бабы "Бопсалау" фактісі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында арызданушыдан 150 мың теңге алған азамат қылмыс үстінде ұсталды. Ұсталған азамат полицейдің танысы болып шықты. Ол полицейге 70 мың теңге аударған кезде ұсталған. Анықталғандай, ұсталған адам бірнеше рет жол-көлік оқиғаларына себепкер болған. Сонымен қатар, қызметкерлердің тікелей қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтірген. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.