2021 жылдың 29 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты құқықтану кафедрасы мен Сарбонна-Қазақстан институтының ұйымдастырумен, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті өкілдерімен бітіруші курс студенттері арасында кездесу өткізілді.
Кездесуді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев ашып, арнайы шақырылған қонақтармен таныстырды.
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Қайрат Алибаев, Тергеу бөлімінің бастығы Абай Нигматуллин, кадр бөлімінің басшысы Серикжан Бурибаев сөз алып, «Құқықтану» және «Экономика» мамандығының студенттерін, магистрант, докторанттарын Экономикалық тергеу департаментінің жұмысымен және оларға қойылатын талаптармен таныстырып, қызметтің қызығы мен қиындығы қатар жүретінін атап өтті.