Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қараша айында Франция мен Тәжікстанға қарсы өтетін ойынға шақырту алған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады. Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»); Қорғаушылар: Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Абзал Бейсебеков («Астана»), Темірлан Ерланов, Юрий Логвиненко (екеуі де – «Ақтөбе»), Сергей Малый, Александр Марочкин (екеуі де – «Тобыл»), Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де – «Қайрат»), Ескендір Қыбырай («Шахтер»), Әлібек Қасым («Қызыл-Жар СК»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»); Жартылай қорғаушылар: Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Асхат Тағыберген, Азат Нұрғалиев, Самат Жарынбетов (барлығы – «Тобыл»), Георгий Жуков («Висла», Польша), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»), Владислав Васильев («Андижан», Өзбекстан); Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Айбар Жақсылықов («Жетісу»), Рамазан Кәрімов («Каспий»). Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 13-нен 14-қарашаға қараған түні Франция құрамасымен кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 01:45-те басталады. Матч «Парк де Пренс» стадионында өтеді. Ал 16 қараша күні ұлттық құрамамыз «Астана Аренада» Тәжікстан командасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді.