Ақша бопсалаған 4 адам қылмыс үстінде ұсталды – видео

Ақша бопсалаған 4 адам қылмыс үстінде ұсталды – видео

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Күдіктілердің жәбірленушіден бірнеше мәрте ақша алғаны белгілі болды.

Полиция жедел іздестіру нәтижесінде, 29 қазан күні сағат 17:00 шамасында Шиелі кентінің 29 жастағы тұрғынын ұстады. Айғақ зат ретінде жәбірленушіден алынған ақша тәркіленді. Сонымен қатар Шиелі ауданының күдікті үш тұрғыны ұсталды. Төртеуі Қызылордада уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.   https://youtu.be/ew2Z3Vaiz7Y

Істің мән-жайы анықталып жатыр.