Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының тағы бір өкілі жеңіліске ұшырады. 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Райыс ширек финалда Сальваторе Каваллародан жеңілді. Есеп - 2:3. Бұған дейін Саматәлі Төлтаев (60 келі) франциялық боксшыдан ұтылып, жүлдеге жақын қалғанда сүрінген болатын.