ШҚО-да автобус 14 жастағы қызды қағып кетті

ШҚО-да автобус 14 жастағы қызды қағып кетті

Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласында автобус кәмелетке толмаған қызды қағып кетті. Бала алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Қайғылы оқиға сейсенбі, 2 қараша күні кешке болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше ПАЗ маркалы автокөліктің 50 жастағы жүргізушісі Горький көшесімен келе жатқан. Ер адам қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, белгіленген жаяу жүргіншілер жолында 2007 жылы туған қызды қағып кеткен, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Алтай аудандық полиция бөлімі Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.