Павлодарда жолаушылар автобусы өртенді

Павлодарда жолаушылар автобусы өртенді

Павлодарда шағын автобус толығымен жанып кетті. Оқиға Павлодар қаласынан Омбы бағытына шығатын жолда болған, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өрт шыққаны туралы хабар 6 қараша күні сағат 23:36-да келіп түскен.
- Автожолда 2010 жылғы Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусының қозғалтқыш бөлігі мен салоны 6 шаршы метр аумақта толығымен жанып кетті. Өрт сағат 23:48-де сөндірілді, – деді департаменттегілер.
Апаттың орын алу себебі, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Шығын есептелуде. Оқиға орнында жеке құрамның 8 адамы мен 2 техника жұмыс істеді.