Бүгін Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) техникалық тұрғыдан мықты боксшыға берілетін Вэл Баркер кубогының жаңа иегерін атады, – деп хабарлайды Sports.kz.
Кубалық Энди Круз әлем чемпионатының "алтынын" алды: финалда Таиланд өкілі Сомчай Вогсуванды жеңді.
Осылайша, Круз өз еліне үшінші кубокты алып келді. Қазақстаннан бұл атақты 3 спортшы алған: Серік Сәпиев (2012 жыл), Бақтияр Артаев (2004 жыл) және Василий Жиров (1996 жыл). Кубалықтар бұл марапатты соңғы рет 1992 жылы Барселонада өткен Олимпиадада иеленді.
Фото: prosports.kz