Елордалық «Барыс» хоккей клубы КХЛ Шығыс конференциясының турнир кестесінде тоғызыншы орында келеді.
«Сибирь» командасы «Куньлунды» (3:1) жеңгеннен кейін қазақстандық клуб бір орынға төмен сырғып, плей-офф аймағынан шығып қалды. Естеріңізге сала кетейік, биылғы маусымда «Барыс» 27 ойында 24 ұпай жинады. Юрий Михайлис жаттықтыратын команда келесі кездесуін 16 қарашада сырт айдында «Сочиге» қарсы өткізеді.