Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Польша тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Анджей Дуда екіжақты қарым-қатынастардың және халықаралық күн тәртібінің өзекті проблемаларын, соның ішінде Польшаның 2022 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығына қатысты мәселелерді талқылады.