ІІМ ресейлік нөмірлері бар қазақстандық көлік иелеріне не істеу керектігін айтты

ІІМ ресейлік нөмірлері бар қазақстандық көлік иелеріне не істеу керектігін айтты

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті (ҚАП) төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ресейлік нөмірлі көліктердің қазақстандық иелеріне не істеу керектігін айтты.

Ресейдің ішкі істер министрлігіне сақтандыру компанияларының мәліметтер деректерінен Қазақстанда пайдаланылатын  көліктер тізімін жібергенде, бізге 606 автокөлік РФ-тің ІІМ криминалдық іздеуінде жүргені туралы жауап келді. Біз ол деректерді өңірлік Полиция департаменттерінің құрылымдарына  автокөліктерді табу үшін жібердік. Бізде ТМД елдерімен ондай көліктерді қайтарып беру туралы тәртіп бар. Осы келісім аясында аталған автокөліктер іздеу салғандарға қайтарылады,- деді ол.  
Қазір сондай мәртебедегі 200 автокөлік табылды. Олар қайтарылады.
Ондай автокөліктерді сатып алғандарға жеке мүліктік және құқықтық қауіптер бар. Олар сатып аларда көліктің ұрлануына қатысты ма деген мәселе көтеріледі. Ол Қазақстанға қалай келгені де анықталады. Қайткен күнде де мұндай көліктер кері қайтарылады,- деді Түсіпов.