Бес көлік бір сәтте бір-біріне соғылды, зардап шеккендер бар

Бес көлік бір сәтте бір-біріне соғылды, зардап шеккендер бар

Жол апаты Әуезов көшесінде болған. Куәгердің айтуынша, Peugeot 301 көлігі жүргізушісінің кенеттен денсаулығы нашарлап, рөлге ие бола алмай, Toyota Matrix-ке соғылған.

  Соның салдарынан Toyota көлігі Subaru Outback-ке, Subaru Mercedes-Maybach-қа, Maybach-Nissan Qashqai-ге барып соғылған. Жол апатынан Рeugeot-тің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті.

Бұған дейін Алматыда автобус жүргізушісі жолаушыны қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.