Алматылық «Қайрат» футзал клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дәурен Нұрғожинге Италияның «Вилла Стюарт» емханасында ота жасалды. Бұл туралы алматылық клубтың ресми сайты хабарлады.
Спортшының жамбасына жасалған ота сәтті шықты. Қазір қорғаушының жағдайы бірқалыпты. Дегенмен Дәурен енді тек төрт айдан кейін ғана командаластарымен бірге жаттыға алады. Оған дейін Нұрғожин «Қайрат» клубы мен Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды. Яғни танымал футзалшы Еуропа чемпионатын алаң жиегінен тамашалайды.Еске салайық, Еуропа чемпионаты 2022 жылдың 19 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Амстердам мен Гронингем (Нидерланды) қалаларында өтеді. Қазақстан құрамасы В тобында Италия, Словения және Финляндия құрамаларымен бірге ойнайды.