Окаяма университетінің (Жапония) Тұрақты даму үшін білім беруді ілгерілету орталығының директоры, профессор Хироки Фудзи «Promoting Teacher Education for Climate Change Education through Collaboration between Asian Centres of Excellence on Education for Sustainable Development» (Тұрақты даму үшін білім беру аясында Азиялық шеберлік орталықтары арасындағы ынтымақтастық арқылы климаттың өзгеруіне байланысты педагогикалық білім беруге көмектесу) жобасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми-зерттеу тобымен кездесті.
Кездесу қорытындысы бойынша Окаяма университетінің (Жапония) Тұрақты даму үшін білім беруді ілгерлету орталығы мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты арасында Меморандумға қол қою туралы келісімшарт жасалатын болды.