Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан AIBA-ның рейтингінде 1-орын иеленді

Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан AIBA-ның рейтингінде 1-орын иеленді

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы Белградта өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша екінші орынға ие болғанына қарамастан, AIBA оны Ranking by NOC рейтингінде бірінші орынға қойды. Рейтингті  жасау кезінде  құрамалардың барлық боксшыларының турнирдегі жекпе-жектері ескеріледі, – деп жазады Sports.kz. Осылайша 43 ұпай жинап, AIBA рейтингінде бірінші орынды Қазақстанның ұлттық ерлер құрамасы (13 боксшы) иеленді. Куба құрамасында (8 спортшы) 36 ұпайы бар, ал 3-4 орынды америкалықтар  (9 жауынгер) мен ресейліктер бөлісті. Екі елдің балы бірдей: 34.