Пошта қызметкері 35 миллион теңге жымқырған

Пошта қызметкері 35 миллион теңге жымқырған

Ол өзі жұмыс істейтін мекемеден 35 миллион теңгені 2 сыбайласымен бірге ұрлаған.

Полиция департаментінің мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне пошта қызметкері арызданған. Мекемеге тиесілі 35 миллион теңгеге жуық ақшаны белгісіз адамдардың қолды еткеніне шағымданған. Полицейлер фактіні ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Мұқият іздестіру нәтижесінде, күдікті ретінде пошта қызметкері ұсталды. Күдікті – Сарыағаш ауданының тұрғыны. Тексеру барысында ұсталған күдіктінің ақша ұрлауға көмектескен 2 сыбайласы анықталды. Бірі – жергілікті тұрғын, екіншісі – Семейдің тұрғыны.

Үшеуі өзара келісіп, поштаға жиналған 35 000 000 теңгені өзге есепшотқа аударып жіберген. Қомақты қаржыны өзара бөлісіп алған. Ұсталған үшеуі қамауға алынды.