Таразда әйелді қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды

Таразда әйелді қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды

Полиция департаментінің хабарлауынша, 11 қараша күні таңертең Жамбыл және Төле би даңғылдарының қиылысында маршруттық автобустың 22 жастағы жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Әйел жолды оңнан солға қарай кесіп өтіп бара жатқан.

Жол апатынан әйел оқиға орнында қайтыс болды.  Аталған факті бойынша ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.