Қарағанды облысындағы түрмелердің бірінде қамауда отырған әйел 10 кітап оқып, мерзімінен бұрын босап шықты. Оның түрмедегі мерзімі үш жылға қысқарды.
Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Өскемен қаласының тұрғыны Лидия бес жылға сотталған. Екі жыл бойы Қарағанды облысының Көксу кентіндегі АК-159/7 әйелдер колониясында жазасын өтеген. Биыл қаңтарда облыстың пенитенциар мекемелерінде "Шекарасыз оқу" пилоттық жобасы басталды. Сотталғандарға кітап оқығаны үшін жазасын өтеу мерзімі қысқартылады. Тізімде орыс және шетел классикасынан жиналған 40 көркем әдебиет туындысы, қазақ авторларының да кітаптары бар. Лидия тізімнен 10 кітап оқып, комиссияға мазмұнын айтып берген. Нәтижесінде сот қалған мерзімді шартты мерзімге ауыстырды. [caption id="attachment_170619" align="aligncenter" > Фото: Tengrinews.kz[/caption] "Мен 216-бап (салық төлеуден жалтару) бойынша жазамды өтеп жатырмын. Құрылыс компаниясында жұмыс істедім, бес жыл мерзімге сотталдым. Алғашқылардың бірі болып пилоттық жобаға қатысып отырмын. Бұл маған жақсы мүмкіндік берді. Ал бүгін мерзімінен бұрын босап шықпақпын. Осы жоба жетекшісіне шынайы алғысымды айтқым келеді", – деді Лидия. Пилот жобасын іске асыруда Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Бразилияның түзеу жүйесінің тәжірибесін қолданған. Онда сотталғандар кітап оқып, түрмедегі мерзімін 96 сағатқа қысқарта алады. [caption id="attachment_170618" align="aligncenter" > Фото: Tengrinews.kz[/caption] Университет оқытушыларының айтуынша, көркем әдебиет сотталушының өмірлік құндылығын таңдауға көмектеседі. Жобаға Қарағанды облысының барлық колониялары қатысады. Бүгінгі таңда жүздеген сотталушы жеңілдік алу үшін кітап оқып жүр.